Сот Ыстамбұл мэрін тұтқындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Ыстамбұл мэрін тұтқындады instagram @ekremimamoglu

Түркияда сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуды қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуды қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экрем Имамоглу сыбайлас жемқорлық бойынша тергеу аясында қамауға алынды.

Имамоглудан бөлек оның кеңесшісі әрі IMM MEDYA AŞ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Онгун және IPA президенті Бугра Гекче де қамауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлда қала мэрі Экрем Имамоглу ұсталғаны хабарланды. Артынша қалада наразылықтар басталды. Полиция шеруге қатысушыларға қарсы күш қолданды.

Экрем Имамоглу туралы не белгілі?

Экрем Имамоглу 2019 жылы наурызда Ыстамбұл қаласының мэрі болды. Муниципалдық сайлауда ол "Ұлт альянсының" атынан Ыстамбұл мэрі лауазымына үміткер болды. Имамоглу 54,22 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

Бұған дейін, 2014 жылдан бастап ол Ыстамбұлдағы Бейликдюзю ауданының мэрі болған. Елдің басты оппозициялық күші саналатын Республикалық халық партиясының құрамына 2008 жылы кірген.

Саяси мансабын бастамас бұрын ол құрылыс және жылжымайтын мүлік бизнесімен айналысқан.

Экрем Имамоглу Түркия президенттігіне үміткер саналады. 8 наурызда ол Измирдегі науқанын бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети