06 қазан 2020 | 12:04

Сотталған депутат Қырғызстанның уақытша премьері болуы мүмкін

Фото: 24.kg

Қырғызстанда наразылық шарасына қатысушылар уақытша премьер тағайындамақ. Бұл туралы журналистерге оппозициялық "Мекенчил" ("Патриот") партиясының жетекшісі Қамшыбек Ташиев айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда наразылық шарасына қатысушылар уақытша премьер тағайындамақ. Бұл туралы журналистерге оппозициялық "Мекенчил" ("Патриот") партиясының жетекшісі Қамшыбек Ташиев айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз уақытша премьер-министрді тағайындауды жоспарлап отырмыз", - деді оппозициядағылар.

Реклама
Реклама

 
Оның айтуынша, бұл лауазымға оппозициялық саясаткер Садыр Жапаровтың кандидатурасы қаралып жатыр, оны бүгін түнде наразылық білдірушілер түрмеден босатқан, онда ол 2013 жылғы тәртіпсіздіктер кезінде жазасын өтеген екен.

Қырғызстан президенті мәлімдеме жасады

Еске салайық, Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр).

Бүгінде Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр. Митингіге шыққандар Ақ үйге басып кірді. Кейін Ақ үйде өрт шыққаны хабарланған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная