Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Сотталған екі адам Рахат Әлиевтен ақша бопсалады деп айыпталып отыр

24 Ақпан 2015, 18:17
0
©REUTERS
©REUTERS

Венаның жер сотында Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке қатысты бопсалау жасады деп айыпталған cотталған екі адамның ісі бойынша сот тыңдауы өтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости соттың баспасөз хатшысы Кристина Зальцборнға сілтеме жасап. Әлиев 23 ақпан күні Йозефштадт түрмесінің жалғыз адамдық камерасында өлі күйінде табылған болатын. 

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше апта бұрын Рахат Әлиев қасындағылардың қауіп төндіруіне байланысты сотталған үш адам отыратын камерадан жалғыз орындық камераға ауыстырылған. "Процесс бүгінге белгіленген еді, бірақ, өкінішке қарай, Әлиев оған қатыса алмады, ол бұл кезде қайтыс болған еді. Сотталғандар Әлиев түрмеге келген кезде одан ақша талап еткені үшін айыпталып отыр. Бірақ айыпталғандар оның кім болғанын білмегенін айтып отыр. Айыпталушылардың айтуынша, олар Әлиевтің бұл жерде не үшін отырғанын да білмеген. Олардың адвокаты сотталғандардың одан ақша бопсаламағанын, тек қана оған түрмеге келген кезде берген қарыздарын қайтаруды сұрағанын мәлімдеді", - деді Зальцборн. 

Еске сала кетейік, 24 ақпан күні Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Йозефштадт түрмесінде қайтыс болғаны хабарланған еді. Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Австрияның Kurier басылымының мәліметінше, Әлиев камерада асылып қалған күйі табылды. Оның адвокаты Әлиевтің суицидке барғанына күмән келтіреді. Әлиев осының алдында ғана үшорындық камерадан жалғыз адамдық орынға ауыстырылған. Ал оқиғадан бір күн бұрын оның адвокатының ұлы Әлиевпен кездесіп, экс-елшінің ісі жайында талқылаған. 

Heute басылымының мәліметінше, экс-елшінің денесі 23 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 07.20-да киім ілетін ілмекке асылған күйі табылған. Басқа ақпарат құралдары оның 24 ақпан күні табылғанын хабарлады.

Австрия әділет министрлігі жаза орындау дирекциясының баспасөз хатшысы Петер Прехтльдің мәліметінше, Рахат Әлиевтің денесі түрменің арнайы оқшауланған жалғыз орындық камерасынан табылды. Ол Әлиевті түрменің арнайы оқшауланған жалғыз орындық камерасына ауыстыруға оның қандай медициналық жағдайы себеп болғанын айта алмады. Баспасөз хатшысы Әлиевтің суицидке бейімділігі тексерілген кезде оның "жасыл санатқа" жатқызылғанын айтты. "Ол суицидке бейімділікті тексеруден өтті, тексерушілер оның өзіне-өзі қол жұмсау қаупі жоқ деген қорытындыға келді", - дейді Прехтль. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай