ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2020 | 10:01
СOVID-19 болуы мүмкін - ДДҰ басшысы Қазақстандағы белгісіз пневмония туралы
БҰҰ сайтында Қазақстандағы ДДҰ бас өкілі Кэролайн Кларинвальдің сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында елдегі белгісіз пневмония туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҰҰ сайтында Қазақстандағы ДДҰ бас өкілі Кэролайн Кларинвальдің сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында елдегі белгісіз пневмония туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кэролайн Кларинваль әзірше асығыс шешім қабылдамауға шақырды.
"Иә, маусым айының басынан бастап пневмония жағдайлары көбейді, бізге осы жағдайды анықтауды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі де осымен айналысып жатыр. Бұл хабарламалар БАҚ тарапынан үлкен назарға ілінді, бірақ біз қорытынды жасамас бұрын деректерді жинап, оларды талдауға тиіспіз. Мен доктор Райанның айтқанын қайталаймын: бұл COVID-19. Кейбір пациенттер көмекке кеш жүгінді, оларда пневмония белгілері бар болса, бірақ біз әзірге вирустың бар-жоғын анықтай алмаймыз.
Сондай-ақ, жергілікті зертханалардың мүмкіндіктерін анықтау қажет. Біз кейде жалған теріс нәтижелер болатынын білеміз. ДДҰ елге зертханалық зерттеулер саласындағы сарапшылар тобын жібереді. Мұнда түрлі себептер болуы мүмкін, бірақ ең бастысы - қорытынды шығаруға асықпаңыз, себебі бізде әлі қажетті барлық ақпарат жоқ", - деді ол.
Еске салайық, ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан Қазақстандағы "белгісіз" пневмония коронавирус болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также