10 шілде 2020 09:33

Қытайда тараған ақпарат: министрлік Қазақстандағы белгісіз пневмония туралы мәліметті жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі БАҚ-та жарияланған Қазақстандағы "белгісіз, өлім деңгейі жоғары пневмония" туралы мәлімдемеге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі БАҚ-та жарияланған Қазақстандағы "белгісіз, өлім деңгейі жоғары пневмония" туралы мәлімдемеге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктегілер бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. 

"Кейбір қытайлық БАҚ-та Қазақстанда коронавирусқа қарағанда өлім деңгейі үлкен белгісіз пневмония жағдайлары тіркелгені айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді".

"ДДҰ аурулардың халықаралық классификациясын енгізген - АХК-10 пневмонияны есептеу коды, бұл коронавирус диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық болған кезде қойылған, мысалы, зақымдалған өкпеде "күңгірт шыны" белгілері бар, бірақ зертханалық расталмаған жағдайды айтады.

Осыған байланысты, Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты пневмонияның бұл түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін маусымда пневмониядан 628 қазақстандық қайтыс болғаны хабарланған. Былтырғы алты аймен салыстырғанда биыл пневмониямен ауыру деңгейі 55 пайызға өскен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети