"Спутник V" вакцинасы адамдарды ғана емес, жануарларды да коронавирустан қорғауға қабілетті. Бұл туралы "Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының" директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцина жануарлар мен адамдар арасындағы вирус айналымынан қорғайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Адамдар жануардан коронавирус жұқтыруының ғылыми дәлелденген жағдайлары жоқ. Тек фауна өкілдері адамдардан COVID-19 жұқтырған жағдайлар тіркелген.
"Спутник V" жануарларды да жақсы қорғайтынына сенімдімін, бірақ алдымен адамдарды вакинациялау керек", - деді Гинцбург.
Оның айтуынша, Гамалея орталығындағы жануарларға "Спутник V" вакцинасымен барлық клиникалық сынақ өткізілген. Сондықтан ол вакцина жануарларды да қорғайтынына сенімді.
"Жануарларға арналған вакцина әлдеқайда арзан және ол да нәтижелі", - деп қосты Гинцбург.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!