Ресейлік "Cпутник V" вакцинасын шығарушылар Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) төрағасы Криста Виртумер-Хохенің кешірім сұрауын талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ресейлік "Cпутник V" вакцинасын шығарушылар Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) төрағасы Криста Виртумер-Хохенің кешірім сұрауын талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Австрияның денсаулық сақтау агенттігінің өкілі қызметін де атқаратын Виртумер-Хохе бұған дейін австриялық ORF телеарнасы эфирінде мәлімдеме жасаған. Ол екпе туралы мәліметтер әлі де жеткіліксіз екенін айтты.
"Біз Криста Виртумер-Хохеден "Спутник V" вакцинасын қолдайтын Еуропа одағы мемлекеттері туралы жағымсыз пікірі үшін ашық түрде кешірім сұрауды талап етеміз. Оның комментарийлері Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі жүргізіп жатқан сараптамаға саяси араласулар туралы күрделі мәселе тудырады", - делінген Ресей вакцинасының Twitter-дегі жариялаған хабарламасында.
Мәлімдемеде еуропалық реттеуші "басқа вакцина туралы мұндай мәлімдемелер айтылмады" делінген.
"Мұндай пікірлер орынсыз және ЕМА-ға және оны сараптау процесіне деген сенімге нұқсан келтіреді. Вакциналар мен ЕМА саясаттан тыс болуы керек", - делінген хабарламада.
Ресейлік вакцинаны жасап шығарушылар еуропалық реттеуші мұндай мәлімдемелерімен ресейлік препаратты мақұлдаған 46 елдің реттеушілері сеніміне нұқсан келтіруге құқы жоғын айтты.
Бұған дейін Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының тіркеу құжаттамасына сараптама жасауды бастағаны туралы хабарланды.
Еске салайық, Қазақстан азаматтары коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинация 1 ақпанда басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!