23 шілде 2021 15:07

"Спутник V" вакцинасын зерттеу қорытындысы күзде жарияланады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Ресейдің коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын зерттеу қорытындысы күздің ортасында дайын болады. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бүгін бақылаулар аяқталады, қазанға қарай <...> есептер дайын болады, аралық бақылаулар жарияланды", - деді министр тікелей эфир кезінде ресейлік "Знание" қоғамының "вакциналарды бірге түсінейік" білім беру науқаны аясында.

"ЭпиВакКорон" және "КовиВак" бойынша нәтижелер 2021 жылдың аяғында - 2022 жылдың басында жариялануы керек, деп толықтырды ведомство басшысы.

Реклама
Реклама

Ресейде COVID-19-дың алдын алу үшін бірнеше препарат жасалды. Елдің барлық тұрғынына "Спутник V" вакцианасы қол жетімді.

Ақпанда Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркеді және оны "Қарағанды фармацевтикалық кешенінде" РФПИ және Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы қолдауымен өндіруді ұйымдастырды.

"Спутник V" жалпы халқы 3,5 миллиард адамнан асатын 67 елде қолдануға мақұлданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram