22 желтоқсан 2020 13:28

Қарағандыда "Спутник V" вакцинасы қалай өндіріліп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қарағандыда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы шығарыла бастады. Tengrinews.kz тілшісі "Қарағанды фармацевтикалық кешеніне" барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.


Қарағандыда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы шығарыла бастады. Tengrinews.kz тілшісі "Қарағанды фармацевтикалық кешеніне" барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Кешен директоры Сергей Барон "Спутник V" вакцинасының сапасы тексерілгеннен кейін ғана екпе өнеркәсіптік ауқымда шығарылатынын атап өтті.

"2020 жылдың қарашасында Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы мен РФПИ мамандары Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындарын аралап, технологиялар трансфері мен вакцина өндірісін жылдам жүзеге асыратын орынды іздеді. Біз ең дайын кәсіпорын болып саналдық", - дейді ол.

Оның айтуынша, кейін арнайы жұмыс тобы құрылыпты.

"Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен РФПИ жұмыс тобын құрды. Желтоқсанның басында технологияны беру процесі басталды. Кәсіпорынға Ресейден мамандар келді. Біз кадрларды дайындадық, оқыттық, жабдықтарды реттедік. Қазіргі таңда сериялық өндіріс үшін кейбір жабдықты сатып алып жатырмыз", - дейді Барон.

"Спутник V" вакцинасы қашан және кімдерге салынатыны айтылды
 

Сонымен қатар, кешен директоры 21 желтоқсанда сынақ түріндегі
вакциналар шығарылғанын айтты. 22 желтоқсанда вакцинаны Ресейге жіберу жоспарланып отыр екен. Онда олардың сапасы тексеріледі.

"Бір ай ішінде вакцинаны шығарушы оның сапасын тексереді. Біз өндірістік алаң болып саналамыз. Бір айдан кейін Денсаулық сақтау министрлігіне өтініш жіберіліп, Қазақстанда вакцинаны тіркеу туралы шешім қабылданады. Кейін вакцинаны өнеркәсіптік ауқымда шығаруға болады. Вакцинаның нәтижесі шықпай, біз оны өндіре алмаймыз", - дейді ол.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешенінде болып, коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцина өндірісін іске қосқан еді.

Маминнің айтуынша, 2021 жылдың ақпанында елімізде "Спутник V" вакцинасы жаппай өндіріле бастайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети