Сталиннің алдында өнер көрсеткен биші Григорий Чапкис қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сталиннің алдында өнер көрсеткен биші Григорий Чапкис қайтыс болды

Кеңес және украин бишісі, хореограф, үш халықаралық байқаудың лауреаты, Украинаның халық әртісі Григорий Чапкис қайтыс болды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Григорий Николаевич Чапкис өмірден өтті. Танымал биші, тұлға. Мінезді, энергиясы күшті, өмір сүруге деген ұмтылысы және "паркеттегі қозғалысымен" ерекшеленетін еді. Оның мектебін, украин биінің тарихына қосқан үлесін ешқашан ұмытпаймын. (...) Үлгі алуға тұратын адам. Би - жұмысы емес, өмірі болған адам", - деп жазды Зеленский.

Григорий Чапкис 1930 жылы 24 ақпанда Кишиневте дүниеге келген.

Соғыс аяқталғаннан кейін Чапкис теміржол мектебіне және "Еңбек резервтері" қоғамының ән-би ансамбліне оқуға түскен. Ол 1945 жылы 15 жасында КСРО-ның саяси элитасы алдында Кремльде өнер көрсетті. Чапкис сұхбаттарының бірінде Сталин тізесіне отырғызып, сағат сыйлағанын да айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети