29 наурыз 2017 | 00:05

Стюардесса рейс кезінде ұшқышты алмастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

TUIfly неміс әуекомпаниясының екінші ұшқыш рейс кезінде өзін нашар сезінген сәтте, оның орнына стюардесса отырған, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Neue Presse газетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

TUIfly неміс әуекомпаниясының екінші ұшқыш рейс кезінде өзін нашар сезінген сәтте, оның орнына стюардесса отырған, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Neue Presse газетіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға өткен жылдың қазан айында болған, алайда ол туралы мәліметтер БАҚ беттерінде енді ғана жарияланған. Ганновер қаласынан испаниялық Майорка аралына ұшу кезінде екінші ұшқыштың басы айналған. Ұшқыш ары қарай лайнерді басқара алмайтынын сезіп, оны стюардессалардың бірі алмастырған. Boeing 737-800 ұшағы Майоркаға сәтті қонған. 

"Экипаж осы сәтте өзін мінсіз ұстады", - деді TUIfly өкілі. Екінші ұшқыш жерге қонғанда дереу ауруханаға жеткізілді. Ганноверге ол осы әуекомпаниясының ұшағымен жолаушы ретінде келесі күні қайтқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети