Су-24 бомбалаушысының аман қалған ұшқышы Түркия тарапынан ешқандай да ескертудің болмағанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су-24 бомбалаушысының аман қалған ұшқышы Түркия тарапынан ешқандай да ескертудің болмағанын мәлімдеді @ dimsmirnov

Су-24 ұшқышы Константин Мурахтин Түркия тарапынан ешқандай да ескертудің болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды ТАСС.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су-24 ұшқышы Константин Мурахтин Түркия тарапынан ешқандай да ескертудің болмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды ТАСС.

"Шын мәнінде ешқандай да ескерту болмады. Радиобайланыс бойынша да, визуалды түрде де. Тіпті байланыс болған жоқ. Сондықтан бағытқа штаттық режимде кірдік. Бомбалаушы мен F-16 жойғыш ұшақтарының жылдамдықтары қандай екенін түсіну керек. Егер бізге ескерту жасағылары келсе, қатарласып, өздерін көрсете алар еді", - деді ол.

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды.

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады. "Ресейлік ұшақпен болған қайғылы оқиғаның салдары Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасына айтарлықтай сызат түсіреді", - деп мәлімдеді Путин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети