13 маусым 2022 07:53

Суданда 16 мың қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: skynewsarabia.com Фото: skynewsarabia.com

Суданның Қызыл теңіз аймағында 16 мыңға жуық қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті. Оқиға экологиялық апат қаупін төндіреді, - деп хабарлайды Gazeta басылымы.


Суданның Қызыл теңіз аймағында 16 мыңға жуық қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті. Оқиға экологиялық апат қаупін төндіреді, - деп хабарлайды Gazeta басылымы.

Басылым мәліметінше, кеме шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмағандықтан суға батқан. Апат кезінде бортта 15 800 бас қой болған. Ал кеменің қуаты мұндай салмаққа есептелмеген, тек 9 мың бас малды тасымалдай алады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының кейбірінің есебі бойынша, малдан келген шығын - 4 миллион доллар.

Суакин айлағы Суданның солтүстік-шығысында, Қызыл теңіздің жағасында орналасқан. Бұрын ол Қызыл теңіз жағалауында орналасқан, осы өңірдегі ең басты айлақ болатын. Қазір ол солтүстікке қарай 60 шақырым қашықта орналасқан Судан айлағынан кейін екінші маңыздағы порт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети