Аl-Mayadeen Ливан телеарнасының мәліметінше, Судан әскері бүгін өткен жедел отырыста ел президенті Омар әл-Баширдің барлық өкілеттігін тоқтатып, үкіметті отставкаға жіберуді ұйғарған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Аl-Mayadeen Ливан телеарнасының мәліметінше, Судан әскері бүгін өткен жедел отырыста ел президенті Омар әл-Баширдің барлық өкілеттігін тоқтатып, үкіметті отставкаға жіберуді ұйғарған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бір жылға созылуы мүмкін ауыспалы кезеңде елді басқарып отыратын жаңадан әскери одақ құрылуы мүмкін екені айтылады.
"Судан әскері Омар әл-Баширдің барлық өкілеттігін тоқтатып, сондай-ақ, орынбасарлары мен көмекшілерін және үкіметті отставкаға жіберуді шешті", - деп хабарлайды телеарна.
Судан президенті Омар әл-Башир. © Reuters
Сондай-ақ, БАҚ Хартумда (астанасы) ел президенті әл-Баширдің қатысуынсыз ҚК Бас штабының шұғыл отырысы өткенін мәлімдеді. Әскери қызметшілер, сондай-ақ, елдің телекөрсетілімін бақылайды.
Журналистер Суданның бұрынғы қорғаныс министрі Абдуррахим Хусейннің, президент Омар әл-Баширдің жеке гвардиясының мүшелері, "Ұлттық конгресс" басқарушы партиясының төрағасы Ахмад Харунның, сондай-ақ, әл-Баширдің бұрынғы орынбасары Усман Тахтың ұсталғаны туралы хабарлайды.
© Reuters
"Біз Қарулы Күштерден тұратын Судан жаңа басшылығын құру туралы хабарландыруды күтудеміз", - деп мәлімдеді арнаның дереккөзі.
© Reuters
Сондай-ақ, телеарнадағылар Судан астанасының халықаралық әуежайының жабылуы туралы хабарлады.
Reuters агенттігінің ақпаратына қарағанда, елде билікті өткізу үдерісі жөнінде консультациялар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Президент Омар әл-Баширдің қызметінен кеткені және өтпелі кеңес құрылғаны жайлы айтылып жатыр. Солтүстік Дарфур провинциясының өндіріс және экономикалық ресурстар министрі Адель Махджум Хуссейн al-Hadath TV телеарнасына "президент Башир отставкаға кеткен соң билік өтетін әскери кеңес құру үшін консультациялар жүріп жатыр" деп мәлімдеді.
Суданда төрт ай бойы нанның бағасын төмендету талаптарынан басталған халық наразылығы жалғасып жатыр. Осы уақыт ішінде оппозиционерлер мен құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, 60-қа жуық адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шекті, бірнеше мың адам ұсталды.
© Reuters
Басылымның мәліметінше, өткен демалыс күндері мыңдаған демонстрант Хартум және басқа қалалардың көшелеріне шығып, президенттің отставкаға кетуін талап ету үшін шыққан. Атап айтқанда, демонстранттар Хартумдағы Армияның Бас штабының ғимаратына "халық жағына тұру және президенттің орнынан түсуіне қол жеткізу" үшін келді. Қаланың бірқатар ауданында жекелеген әскери қызметшілер мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері қолдаған шерушілер арасында атыс болды.