Суданда Ресейдің екі азаматы кепілге алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суданда Ресейдің екі азаматы кепілге алынды ©savedarfur.org

Суданда белгісіз біреулер Ресейдің екі азаматын ұрлап әкетті. Бұл туралы Суданның Дарфур Орталық аймағының губернаторы Джаафар Абдельхакам мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Төтенше оқиға 29 қаңтар күні Залинджи қаласында болды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суданда белгісіз біреулер Ресейдің екі азаматын ұрлап әкетті. Бұл туралы Суданның Дарфур Орталық аймағының губернаторы Джаафар Абдельхакам мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Төтенше оқиға 29 қаңтар күні Залинджи қаласында болды. 

БҰҰ-мен арадағы келісімшарт бойынша UTair әуе компаниясында жұмыс істейтін Ресей азаматтары ЮНАМИД (Африка одағы мен БҰҰ бірлескен бітімгершілік миссиясы) автобустарының бірінде отырған кезде оларды біреулер ұрлап әкеткен. "Ресейдің екі азаматы күзетсіз жүрген кезде оларды қарулы адамдар ұрлап әкетті", - деді губернатор. 

Ресейліктердің кепілге алынғанын Судандағы Ресей елшілігі растады. "Елшілік ел билігімен және ЮНАМИД миссиясымен бірге ұрланған ресейліктерді босату үшін қолдан келген шаралардың бәрін жасайды", - деп хабарлады Судандағы дипломатиялық миссияның пресс-атташесі Артур Сафуков. Ол "РФ азаматтарының босатылуы үшін жедел тергеу" мүддесіне байланысты оқиғаның мән-жайын айтудан бас тартты. 

Кейбір мәліметтер бойынша Ресей азаматтарын кепілге алғандар ЮНАМИД өкілдерінен оларды босату үшін қомақты қаражат талап етіп отыр. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети