Судья Атамбаевты тергеу изоляторында қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Судья Атамбаевты тергеу изоляторында қалдырды © 24.kg

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев МҰКК тергеу изоляторында қалды. Қалалық сот қабылдаған шешім жайлы бұрынғы президенттің адвокаты Сергей Слесарев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев МҰКК тергеу изоляторында қалды. Қалалық сот қабылдаған шешім жайлы бұрынғы президенттің адвокаты Сергей Слесарев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесарев журналистерге Бішкек қалалық сотының алқасы аудандық соттың Атамбаевты 26 тамызға дейін МҰКК тергеу изоляторында ұстау туралы шешімін күшінде қалдырғанын айтты. 

"Сот отырысы жабық болды, бірақ қаулыда ашық өтетіні айтылған еді. Өкінішке қарай, бірінші инстанцияның шешімі күшінде қалды. Ең алдымен судьялар Конституцияны бұзды", - деді Сергей Слесарев. 

Айта кетсек, МҰКК ғимаратының алдында бұрынғы президентті қолдауға келген 40-қа жуық адам жиналды, олардың қатарында егде әйелдер де бар.


© Tengrinews.kz

Естеріңізге салсақ, сот Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шараларын Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне ауыстырған болатын. Бұлтартпау шараларын Бішкек қалалық соты қабылдауы керек еді, бірақ соңғы сәтте МҰҚК тергеу изоляторындағы көшпелі сот коллегиясы туралы шешім қабылданған. Атамбаевтың ұлы Қадыр бұл шешімді "масқара және қорқақтық" деп атаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети