28 наурыз 2021 | 17:20

Суэц каналында жүк кемелерінің кептелісі пайда болды

Фото: РИА Новости.

Суэц каналы маңында жүк кемелерінің кептелісі пайда болды. Ұзын-сонар кемелер кезегі оңтүстік кіреберістен 65 шақырым жерде де көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Суэц каналы маңында жүк кемелерінің кептелісі пайда болды. Ұзын-сонар кемелер кезегі оңтүстік кіреберістен 65 шақырым жерде де көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Қызыл теңіз жағалауынан Айн-Сохна мен Заафарана қалалары арасындағы Суэц каналының оңтүстік кіреберісінен шамамен 65 шақырым жерден кемінде 15 жүк кемесі кезекте тұрғаны көрінеді. Vesselfinder сайтының мәліметіне сүйенсек, қарама-қарсы жағалау маңында тағы ондаған кеме кептелісте тұрған.

Теңізде қатты дауыл тұрып, сағатына 35 шақырым жылдамдықпен соққан толқындар биіктігі бірнеше метрге жеткен.

Реклама
Реклама

Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Усама Рабеа сенбідегі жағдайға қатты желмен бірге соққан құмды дауыл да себеп болғанын айтты. Бірақ кеме қызметкерлері де себепші болғанын жоққа шығарған жоқ.

Айта кетейік, Shoei Kisen KK жапон компаниясына тиесілі шамамен 224 мың тонна жүк көтере алатын Ever Given кемесі Қытайдан Нидерландыға бағыт алған. Кеме сейсенбі күні арнаның 151-ші шақырымында жағалауға тіреліп, басқа кемелердің қозғалысын бұғаттап тастады. Канал Жерорта және Қызыл теңіздерін жалғап тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная