28 наурыз 2021 12:54

Суэц каналын ашу әрекеті сәтсіз аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Суэц каналына тіреліп қалған 400 метрлік Ever Given тасымалдау кемесін шығару әрекеті сәтсіз аяқталды. Жексенбіде су көтерілген сәтте кемені шығаруға тағы да әрекет жасалады. Бұл туралы РИА Новости басылымына канал әкімшілігіндегі дереккөз хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Суэц каналына тіреліп қалған 400 метрлік Ever Given тасымалдау кемесін шығару әрекеті сәтсіз аяқталды. Жексенбіде су көтерілген сәтте кемені шығаруға тағы да әрекет жасалады. Бұл туралы РИА Новости басылымына канал әкімшілігіндегі дереккөз хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат көзі агенттікке жексенбіге қараған түні тағы да кемені арнадан шығару жоспарланғанын айтты.

"Өкінішке қарай, кемені бүгін шығару мүмкін болмады... қосымша су түбін тереңдету жұмыстары жүргізіледі, келесі су көтерілген сәтте тағы да бір рет әрекет жасап көреді", - деді ақпарат көзі.

Сенбіде Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Усама Рабеа кемені шығаруға 10 құтқару жүк кемесі жұмылғанын мәлімдеді. Ол жағдай кеме көлеміне және ондағы контейнерлер санына байланысты күрделене түскенін айтты. Оның айтуынша, арна арқылы өтетін кемелер саны 321 болған.

Euronews мәліметіне сүйенсек, кеменің алдыңғы бөлігі қазылып, Ever Given-ді арнаның терең бөлігіне шығару үшін су түбі тереңдетіледі.

Мысыр халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Бұл үндеуге АҚШ жауап берді.

"Мысыр билігіне арнаны ашуға АҚШ көмек ұсынды. Мысырлық серіктестерімізбен қалай қолдау көрсете алатынымызды кеңесіп жатырмыз. Жақын арада нақты көмек ұсынамыз деген үміттеміз", - деді Ақ үй өкілі Джен Псаки.

Shoei Kisen KK жапон компаниясына тиесілі, шамамен 224 мың тонна жүк көтере алатын Ever Given кемесі Қытайдан Нидерландыға бағыт алған. Кеме сейсенбі күні арнаның 151-ші шақырымында жағалауға тіреліп, басқа кемелердің қозғалысын бұғаттап тастады. Канал Жерорта және Қызыл теңіздерін байланыстырады.

Evergreen компаниясы жұмада кемені шығару үшін кем дегенде екі-үш күн қажет болады деп мәлімдеді.

Суэц арнасы-әлемдегі ең маңызды сауда бағыттарының бірі, Таяу Шығыстан Еуропа мен АҚШ-қа мұнай жеткізетін маңызды буын саналады. Бір жыл ішінде ол арқылы 20 мыңға жуық кеме өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети