Швецияда 50 оқушыны алып келе жатқан автобус аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швецияда 50 оқушыны алып келе жатқан автобус аударылды © Полит.ру

Швецияда оқушылар мінген автобус аударылды, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швецияда оқушылар мінген автобус аударылды, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Швецияның орталық бөлігіндеавтобус жол апатына ұшырап, үш адам қаза тапты, тағы алты адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы Эстерсунда қаласындағы аурухананың дәрігерлері баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

"Қолда бар мәліметтер бойынша, үш адам қаза тапты, алтау ауыр жарақат алды, 19 адам - орташа ауыр және 31 адам жеңіл жарақат алды", - деді Емтланд қаласында медициналық көмек көрсету штабының басшысы Лисбет Гибсон. 

Әзірге белгісіз себептермен жексенбіде автобус жолдан шығып кетіп, аударылған. Оқиға Свег қаласынан 20 шақырым жерде болған. Жергілікті газет мәліметінше, автобустың ішінде сегізінші сынып оқитын 50 оқушы және алты ересек адам болған. 

Швеция үкіметінің басшысы Стефан Левен жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. 

"Қаза болғандар туралы мәліметті есту, барлығымыз үшін ауыр. Біз сіздермен біргеміз. Әлі осы оқиғадан хабардар болмаған адамдар үшін өте ауыр. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайын бақылауда ұстап отырмыз", - деді Левен.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети