20 қыркүйек 2016 | 12:18

Сырқаттанған Атамбаев Ыстамбұлда дәрігерлердің бақылауында жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев © РИА Новости Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев © РИА Новости

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Түркиядағы емдеу мекемесінде медициналық тексерістен өтіп, Ыстамбұлдағы дәрігерлердің бақылауында жатыр. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан Республикасы Әкімшілігінің ақпараттық саясат бөліміндегілер растады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Түркиядағы емдеу мекемесінде медициналық тексерістен өтіп, Ыстамбұлдағы дәрігерлердің бақылауында жатыр. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан Республикасы Әкімшілігінің ақпараттық саясат бөліміндегілер растады. 

Бүгіннен бастап 2016 жылдың 1 қазанына дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кешенді медициналық тексерістерден өту үшін қысқа мерзімді еңбек демалысын алды. Ақпараттық саясат бөліміндегілердің айтуынша, қазіргі уақытта Алмазбек Атамбаевтың сырқатын анықтау үшін қай емдеу мекемесінде кешенді тексерістерден өтетіні шешіліп жатыр. Сондай-ақ, оның Түркиядағы емдеу мекемелерінің бірінде емделуі мүмкін екені айтылады.

Еске салайық, Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан президентінің денсаулығы сыр берген болатын. "Бішкектен Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан Республикасының делегациясы Ататүрік әуежайында басқа ұшаққа отыруы қажет болатын. Алайда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сырқаттанып, медициналық тексерістен өткізілді. Дәрігерлердің тексерісінен кейін мемлекет басшысына жедел түрде медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің алдын ала қорытындысына қарағанда, Алмазбек Атамбаевтың жүрегі сыр берді. Осыған байланысты Қырғызстан президенті медициналық тексерістен өтіп, біраз уақыт дәрігердің бақылауында болады", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети