Нидерланд пен Ирландияда AstraZeneca корпорациясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдану тоқтатылды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.
Нидерланд пен Ирландияда AstraZeneca корпорациясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдану тоқтатылды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.
Нидерланд үкіметі Дания мен Норвегиядан елеулі жанама әсерлер туралы бірнеше хабарламадан кейін сақтық шарасы ретінде AstraZeneca вакцинасын қолдануды 29 наурызға дейін тоқтата тұратынын мәлімдеді.
Ирландияның денсаулық сақтау қызметкерлері де вакцинаны қолдануды тоқтата тұруды ұсынды. Ирландияның денсаулық сақтау министрі Стивен Донелли бұл "алдын-алу шарасы екенін" айтты.
Билік еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) тергеу нәтижелерін күтеді.
Нидерланд пен Ирландия вакцинаны қолдануды уақытша тоқтатқан Еуропалық Одақтың бірқатар еліне қосылды. Австрия препаратты қолданудан бас тартқан алғашқы ел. Содан кейін вакцинация Дания, Норвегия, Исландия, Эстония, Литва, Люксембург және Латвияда уақытша тоқтатылды. Кейінірек Италия препараттың бір партиясына тыйым салды. Италиядан кейін Румыния осы партиядан препаратты әлі қолданбау туралы шешім қабылдады. Бұл препаратпен вакцинациялау жұмыстары Болгарияда да тоқтатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!