Таиландта 38 жастағы қойма меңгерушісі мұнай мен химиялық заттар сақталған ғимаратты өртеп жіберді. Ол мұндай әрекетті бастығынан кек алу үшін жасағанын айтты. Әйелдің айтуынша, оған бастағы жиі ұрысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Chiang Rai Times басылымына сілтеме жасап.

Ғимаратқа өрт қою сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Сондықтан өрт қойған кім екенін анықтау оңай болған.
Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, өрт мұнай мен химиялық заттар сақталған нысанда тез тараған. Нәтижесінде ауаға улы түтін тараған.
Өрт орнында 40-тан аса құтқару көлігі жұмыс істеп жатыр. Өрттен келген шығын 40 миллион бат (1,18 миллион АҚШ доллары).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!