Тайландта ғибадатхана алдында жалаңаш суретке түскен америкалықтардың басы дауға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайландта ғибадатхана алдында жалаңаш суретке түскен америкалықтардың басы дауға қалды © Corona Travel

Тайландта екі америкалық турист ғибадатхананың алдында жалаңаштанып фотосессия жасағаны үшін ұсталды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайландта екі америкалық турист ғибадатхананың алдында жалаңаштанып фотосессия жасағаны үшін ұсталды. 

ТАСС мәліметінше, туристер Ват Арун (Таң шапағаты храмы) ғибадатхана алдында шалбарын шешіп суретке түскен. Суреттерді америкалықтар Instagram желісіндегі "Путешествующие задницы" блогында жариялаған.  

Олардың осы әрекеті тайлардың ашуын келтірген, әлеуметтік желіде оларды жазалау керектігін жазған. Елден шығар кезде оларды полиция ұстаған. Екеуі де сотталып кетуі мүмкін. Полицейлер осылайша Тайландтағы діни және мәдени ошақтарын сыйлауды ескерту мақсатында жасамақшы. 

Алайда саяхатшыларға басқа бір жаза қолданылуы да мүмкін - бұл жаза жеңілдеу. Олар қоғамдық жерлерде жалаңаштанғаны үшін 5 мың бат (шамамен 150 доллар) айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети