05 қаңтар 2019 | 14:01

Таиландта жойқын дауылдан бір адам қаза тапты: Төтенше жағдайдың суреттері мен видеолары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тропикалық Pabuk дауылы Таиландтың оңтүстігіндегі туристік аумақтарға, Сиам шығанағындағы аралдарға, Пхукет аралына және Андаман теңізіне келіп жетті, бірақ тек жауын-шашын түрінде жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тропикалық Pabuk дауылы Таиландтың оңтүстігіндегі туристік аумақтарға, Сиам шығанағындағы аралдарға, Пхукет аралына және Андаман теңізіне келіп жетті, бірақ тек жауын-шашын түрінде жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Мұнда барлығы тыныш, әдеттегі осы жыл маусымында соғатын жел, бірақ қазір жаңбыр жауып тұрған жоқ. Түнде жауған болатын, шамамен сағат таңғы төрттерде басталып, жетілерде тоқтады. Әдеттегі жауын, қатты құйын да емес. Жалпы барлығы дұрыс, ауа райы да бір қалыпты, кішкене салқындау болды, бірақ қазір ауа температурасы жоғарылап жатыр, 28 градусқа дейін жетті. Түнде 23 градус болды, - дейді Пхукеттегі туристік фирмалардың бірінің қызметкері Елена.

Оның айтуынша, аралдағы демалушылар төтенше жағдай болады деп дайындалды. Оларға түнгі уақытта үйде отыру қажеттігі жайлы ескертілген. 

Mirror агенттігі Twitter желісіндегі парақшасында төтенше жағдайдан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын. Ведомстводағылар Таиландтың жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, "Пабук" тропикалық дауылының 5 қаңтарда Сиам шығанағынан Тайланд жағалауларына жетуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети