28 қыркүйек 2020 18:13

Таиландта коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі алтыншы рет ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Таиландта 26 наурызда COVID-19 пандемиясына байланысты күшіне енген төтенше жағдай режимі тағы бір айға, 31 қазанға дейін созылады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Таиландта 26 наурызда COVID-19 пандемиясына байланысты күшіне енген төтенше жағдай режимі тағы бір айға, 31 қазанға дейін созылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дүйсенбіде Таиланд премьер-министрі генерал Прают Чан-Очтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша ұлттық орталықтың толық құрамы мәжілісінде шешім қабылданды. Бұл туралы орталықтың баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин журналистерге Бангкокта Үкімет үйінде өткен брифингте мәлімдеді.

"Бұл - төтенше жағдай режимін алтыншы рет ұзарту. Шешім әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың әлі жақсармай келе жатқанына байланысты қабылданды, бүгінде дүние жүзінде 33 миллионнан аса адам вирус жұқтырған, коронавирус салдарынан миллион адам қайтыс болған", - деді ол.

"Бұл шешімді ертең үкімет министрлер кабинетінің отырысында мақұлдайды", - деді Висануйотхин. 

Таиландта пандемия басталғаннан бері 3545 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 59 адам қайтыс болған, 3 369 адам аурудан айыққан, қазір 117 адам ауруханаларда жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети