Тайваньдағы би кешінде өрт шықты: 474 адам күйіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайваньдағы би кешінде өрт шықты: 474 адам күйіп қалды

Тайваньның Синьбэй қаласындағы көңіл көтеру орнында өрт шығып, 474 адам күйіп қалды, оның ішінде 140 адам ауыр жағдайда. Зардап шеккендердің басым бөлігі - арал тұрғындары. Бұл туралы China Daily жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оқиға сенбі күні, жергілікті уақыт бойынша 20:30-да болды. Мыңға жуық адам би билеп жатқан сахнаның астында белгісіз ұнтақ себіліп, ол өртеніп кеткен. Бұдан кейін демалушылар өртке оранды.

Интернетте жарылыс уақыты бейнеленген видеолар пайда болды. Кадрлардан жарылыстың кештің ең қызған сәтінде болғаны көрінеді, содан кейін абдырап қалған адамдардың жан-жаққа қаша бастағаны бейнеленген.

Оқиға орнына ондаған өрт сөндіру техникасы мен жүзден аса жедел жәрдем көлігі жөнелтілді. Зардап шеккендер қаланың 19 ауруханасына үлестіріліп, жатқызылды. Көбінің беті мен денесін күйік шалды. Жарылыс себебі әзірше анықталған жоқ, жергілікті билік тергеу жүргізіп жатыр.

Фото: AFP, Reuters, CCTV News, Getty Images

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети