Тәжік-ауған шекарасында атыс болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжік-ауған шекарасында атыс болды Тәжік-ауған шекарасы. © РИА Новости

8 мамыр күні Тәжікстанның құқық қорғау органдары "Талибан" содырлары (Қазақстанда тыйым салынған. - Ескерту) сенбі күні Ауғанстанның Тахор провинциясы аумағынан Тәжікстанға қарай жеті зымыран атқылағанын хабарлады. Бұл ақпаратты РИА Новости агенттігі жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 мамыр күні Тәжікстанның құқық қорғау органдары "Талибан" содырлары (Қазақстанда тыйым салынған. - Ескерту) сенбі күні Ауғанстанның Тахор провинциясы аумағынан Тәжікстанға қарай жеті зымыран атқылағанын хабарлады. Бұл ақпаратты РИА Новости агенттігі жариялады.

Агенттіктің мәліметінше, төрт снаряд Пяндж өзеніне, тағы үшеуі жақын маңдағы орман белдеуіне құлаған.

"Тәжікстан аумағындағы атыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, 7 мамыр сағат 11.45-те Ауғанстанның Тахор провинциясының Ходжагор учаскесінде Талибан мен ДАИШ содырлары (Ислам мемлекеті-Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) арасында бір жарым сағатқа созылған қақтығыс болған.

"Бұл учаскелер Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын орналасқан және жоғарыда аталған оқтар біздің еліміздің аумағына кездейсоқ түскен. Адам өлімі мен материалдық залал тіркелген жоқ", - деп түсіндірді ведомство. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерлерінің бөлімшелері толық жауынгерлік әзірлікке дайын екенін айтты.

"Тәжікстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік шекараны сенімді қорғау үшін барлық мүмкіндіктер мен әлеуетке ие. Тәжік-ауған мемлекеттік шекарасындағы жағдай тұрақты және тәжік шекарашыларының бақылауында", - деп қорытындылады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети