Тәжік көшбасшысы Эмомали Рахмон өз қызы Озода Рахмонды президент әкімшілігінің жетекшісі етіп тағайындады, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі мемлекет басшысының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Осыған дейін Тәжікстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінде болған Озода Рахмон президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. Ол бұл қызметке Бахтиер Худоерзодтың орнына келді. Оны Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссияның төрағасы қызметіне тағайындау туралы ұсыныс парламенттің қарауына берілді.
Озода Рахмон 1978 жылдың 3 қаңтарында Тәжікстанда дүниеге келген. Заңгер, Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ол тәжік, орыс және ағылшын тілдерін біледі, тұрмысқа шыққан, бес баланың анасы. Оның күйеуі Джамолоддин Нуралиев Тәжікстанның Ұлттық банкінің төрағасының бірінші орынбасары қызметінде.