Тәжікстан президенті Рахмон Қазақстанға ұшып шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстан президенті Рахмон Қазақстанға ұшып шықты Фото:khovar.t

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, Эмомали Рахмонмен бірге Үкімет мүшелері қатарындағы ресми өкілдер, Мемлекеттік мекемелердің, ведомстволардың басшылары мен кәсіпкерлер бар.

Айта кетейік, 3-4 мамырда Астанада Қазақстан мен Тәжікстанның бизнес-форумы өтеді. Бизнес-форумға екі елдің мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ екі елдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм, логистика және фармацевтика салаларындағы кәсіпкерлері қатысады.

Форумның басты мақсаттарының бірі – кәсіпкерлер арасында іскер серіктестер іздеу және Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети