04 наурыз 2021 | 18:01

Тәжікстанда Google мен Facebook салық төлеуші ретінде тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: smi44.ru Фото: smi44.ru

Google Тәжікстанда Facebook-тен кейінгі салық төлеуші ретінде тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Google Тәжікстанда Facebook-тен кейінгі салық төлеуші ретінде тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Google және Facebook Ireland Ltd 3 наурызда салық комитетінде шетелдік компаниялар көрсететін электрон қызметке салық төлеуші ретінде тіркелді",-деп хабарлады елдегі Салық комитеті баспасөз қызметі өкілдері.

Электрон қызмет көрсететін шетелдік тұлғалар республика бюджетіне қосылған құн салығын төлеуі қажет. Заң 17 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл Тәжікстан жеке тұлғаларына ақпарат сататын шетелдік қызметтерге қатысты.

Заң бойынша, шетелдік компаниялар салық органдарында электрон қызмет көрсете бастаған уақыттан 20 күнтізбелік күн ішінде тіркелуге міндетті. Кейіннен декларация салық органдарына салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы беріледі, ол ағылшын тілінде қолжетімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети