Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көлікті әкелуге тыйым салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көлікті әкелуге тыйым салынады Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерден, оның ішінде Қазақстаннан да ескі көліктерді әкелуге тыйым салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерден, оның ішінде Қазақстаннан да ескі көліктерді әкелуге тыйым салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Казстандарттың" баспасөз қызметі мәліметінше, шектеу 2013 жылға дейін шыққан көлік құралдарына қолданылады.

"Тәжікстан ауаның ластайтын, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін ескі көліктердің әкелінуіне, сондай-ақ, ескі көліктер қалдықтары (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) санының артуына жол бермеуге бағытталған Жарлық дайындады", - деп хабарлады "Қазстандарт" өкілдері.

Еске салайық, 2005 жылдан бастап "ҚазСтандарт" базасында саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Ақпараттық орталық жұмыс істейді. Орталықтың функцияларына ДСҰ хатшылығына, ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге және барлық мүдделі тарапқа ақпарат беру кіреді.

Жарлық Тәжікстанда 2024 жылы 1 қаңтарда күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети