08 шілде 2019 | 10:47

Тәжікстанда сотталған 14 адам наннан уланып, қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Тәжікстанда сотталған 14 адам наннан уланып, қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы агенттікке елдің Әділет министрлігінің қылмыстық жазаларды орындау жөніндегі бас басқармасынан хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Тәжікстанда сотталған 14 адам наннан уланып, қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы агенттікке елдің Әділет министрлігінің қылмыстық жазаларды орындау жөніндегі бас басқармасынан хабарлады.

Ведомство таратқан хабарламаға сенсек, сотталған 120 ер адам мен 8 әйел үш машинамен Худжанд және Истаравшан қалаларынан елдің оңтүстігіндегі Душанбеде және Нұрек қалаларында жазасын әрі қарай өтеу үшін тасымалданған. Жолда қамалғандардың бірі үш нанды таратып берген.

"Варзоб ауданының Майхур маңында, Душанбеге түбінде, кешкісін қамаудағылардың бірі 16 тұтқынға үш нан үлестірді. Жарты сағаттан кейін автокөлікте болған 16 тұтқында жүрек айнуы, бас айналуы және құсу басталды. Жарты сағаттан кейін, автокөлік түзеу мекемесіне кірген кезде нанды жеген 16 адам есінен танып қалды", - деді Тәжікстанның қылмыстық жазаларды орындау жөніндегі басқармасының өкілдері.

Ведомство хабарына қарағанда, дәрігерлер тек екі тұтқынның өмірін сақтап қалды.

Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, арнайы тергеу тобы құрылған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қылмыстық істі тергеу Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмонның бақылауында.

Агенттіктің мәліметінше, қамаудағылар қаза тапқан нанда улы зең саңырауқұлақ болуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети