ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2021 | 09:46
"Талибан" Ахмад Масудтың ұсынысын қабылдамады
"Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған ) Ауғанстандағы қарсылық майданының жетекшісі Ахмад Масудтың ықтимал бітімге келу туралы ұсынысын қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған ) Ауғанстандағы қарсылық майданының жетекшісі Ахмад Масудтың ықтимал бітімге келу туралы ұсынысын қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қозғалыс өкілдері Масуд олардың бейбітшілік туралы ұсынысынан бас тартқаннан кейін, бұдан былай олармен сөйлесетін ешнәрсе жоқ екенін айтты.
"Біз Ауғанстанды біріктіргіміз келеді, бірақ олардың автономды ұсыныстарымен ортақ ешнәрсеміз жоқ. Ахмад Масуд ұсынысымыздан бас тартқаннан кейін, енді олармен келісімге келетін ештеңе жоқ деп шештік", - делінген хабарламада.
Осыған дейін Ахмад Масуд келіссөздер арқылы соғыс қимылдарын тоқтату туралы ұсынысты құптайтынын айтты.
"Ұлттық қарсыласу майданы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін, тәліптер Панжшер мен Андарабтағы шабуылдары мен соғыстарын тоқтатса, күресті тоқтатуға дайын", - делінген Масудтың Facebook-тегі жазбасында.
Бұған дейін Масудтың жақтастары Панжшерде тәліптердің жеңілгенін хабарлаған болатын.
Қазіргі уақытта Панжшер Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысының бақылауында емес жалғыз провинция болып қала береді. Провинция Кабулдың солтүстік -шығысында биік таулы аймақта орналасқан. Қазір тәлептерге қарсы Солтүстік Альянсты басқарған және 2001 жылғы қыркүйектің басында лаңкестер өлтірген Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд бастаған жергілікті қарсыласу бөлімшелерімен шайқастар жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также