31 тамыз 2021 11:58

Ахмад Масуд тәліптерге қарсы күресті тоқтату шартын атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ауған қарсылық ұйымының жетекшісі Ахмад Масуд пен жауынгерлері "Талибан" қозғалысымен күресті тоқтату шартын атады (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Foreign Policy-ге сілтеме жасап.


Ауған қарсылық ұйымының жетекшісі Ахмад Масуд пен жауынгерлері "Талибан" қозғалысымен күресті тоқтату шартын атады (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Foreign Policy-ге сілтеме жасап.

Масудтың айтуынша, егер "Талибан" қозғалысы инклюзив үкімет құрып, халықтың бостандығы мен теңдігін қамтамасыз етсе, Ауғанстанның қарсылық ұйымы қызметін тоқтатады.

"Егер тәліптер билікті барлығымен бөліссе және әділет орнатса, Ауғанстандағы барлық адамға теңдік пен еркіндік берсе, мен артқа шегініп, саясаттан кетемін. Бірақ басқа нұсқалар қабылданбайды", - деді Масуд.

Сонымен қатар, ол шетелден ешқандай қаржылық қолдау алмайтынын айтты.

Кабулдың солтүстік-шығысында орналасқан Панжшер алқабы "Талибан" бақылауына кірмеген жалғыз аймақ болып қала беретінін айтқан жөн. Гиндукуш тау бөктерінде орналасқан алқапты Солтүстік альянс жетекшілерінің бірі Ахмад Шах Масуд басқарған, ол Панжшер алқабын 1996-2001 жылдары тәліптерден сақтап қалды, бірақ кейінірек оны "Аль-Каида" содырлары өлтірген (террористік ұйым деп танылған және Қазақстанда тыйым салынды).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети