"Талибан" Ауғанстан президентінің інісі тәліптерге қосылғанын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террористік қозғалыс ретінде тыйым салынған) Ауғанстан президентінің інісі Хашмат Ғани адалдық туралы ант бергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террористік қозғалыс ретінде тыйым салынған) Ауғанстан президентінің інісі Хашмат Ғани адалдық туралы ант бергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғанидың інісі Хашмат Ғани Халил Әл-Рахман Хаккани қатысқан кездесуде Ислам Әмірлігіне ("Талибан" режимі қойған атау - авт.ескерт.) адалдық туралы ант берді", - делінген тәліптер мәлімдемесінде.

Бұған дейін жергілікті Shamshad News телеарнасы Кабулда "Талибан" қозғалысымен тығыз байланыста болған "Хаккани желісі" террористік тобының аға мүшесі Халил Әл-Рахман Хаккани мен ауған экс-премьері, Ауғанстан Ислам партиясының жетекшісі Гульбеддин Хекматияр арасында кездесу болғанын хабарлады. Кездесудің егжей-тегжейі көрсетілмеген.

Өз кезегінде, қозғалыстағы дереккөз РИА Новости агенттігіне "Талибан" қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы Барадар молда сенбіде Кабулға үкімет құру туралы келіссөзге келгенін мәлімдеген.

Айта кетейк, соңғы апталарда Ауғанстандағы жағдай күрделене түсті, "Талибан" қозғалысы ірі қалаларды басып алды. 15 тамызда бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат көздері шекараның барлық өткелі бақылауда екенін хабарлады. Сол күні содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғанын мәлімдеді.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "қырғын болмауы үшін" елден кеткенін айтты. 16 тамызға қараған түні "Талибан" қозғалысы саяси кеңсесінің өкілі Мухаммед Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro