"Талибан" жетекшісі алғаш рет көпшілік алдында шықты - БАҚ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" жетекшісі алғаш рет көпшілік алдында шықты - БАҚ ©REUTERS

"Талибан" қозғалысының жоғарғы көшбасшысы (Жоғарғы соттың шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Хайбатулла Ахунзада жетекшілік жасағаннан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" қозғалысының жоғарғы көшбасшысы (Жоғарғы соттың шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Хайбатулла Ахунзада жетекшілік жасағаннан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Лаңкестік топ өкілдерінің айтуынша, 30 қазанда Ахунзада Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласындағы "Дарул Улум Хаким" медресесіне барған. Ол өз сөзін "ержүрек сарбаздар мен шәкірттерге" арнаймын деп бастады. "Талибан" жетекшісінің сөйлеген сөзінде тек дінге қатысы бар әңгімелер айтылған, саяси мәлімдемелер болған жоқ.

"20 жыл бойы кәпірлер мен залымдарға қарсы күрескен Ауғанстанның езілген халқына Алла сауабын берсін. Менің мұндағы ниетім сіз үшін дұға ету, ал сіз маған дұға етіңіз", - деді Ахунзада.

Ол сондай-ақ, елді қалпына келтіру жолында "Талибанды" үлкен сынақ күтіп тұрғанын айтты.

БАҚ өкілдері Ахунзада өткізген жиын қатаң күзетпен өткендіктен фото, видео ала алмаған.

Діни лидер Хайбатулла Ахунзада 2016 жылы АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағы соққысынан бері "Талибан" қозғалысын басқарды. Ол қарулы топтың барлық саяси, діни және әскери істеріндегі ең жоғарғы лауазымда отыр. Тәліптер қатарында ол әскери қолбасшыдан гөрі рухани көшбасшы болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети