"Талибан" қай елдермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" қай елдермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты © Reuters

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - Еск.) саяси кеңсесінің өкілі Мұхаммед Наим Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында қозғалыс Қытаймен, Ресеймен және көршілес елдермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қытай - біздің көршіміз, біз онымен жақсы қарым-қатынастамыз. Бұл Ресейге де қатысты", - деп келтіреді РИА Новости Талибан өкілінің сөзін.

Наимнің айтуынша, "Талибан" қозғалысының Иран, Қытай, Пәкістан және Өзбекстанмен бұрыннан байланысы бар. Оның сөзінше, батыс державаларына қарағанда бұл елдер тәліптердің билікке келгеніне алаңдамайды.

"Біз Ауғанстанмен көршілес елдермен қарым-қатынас орнаттық, қазір байланыстамыз және ол дамығанын қалаймыз", - деді "Талибан" өкілі.

"Талибанның" тағы бір өкілі Забихулла Муджахид Түркиямен қарым-қатынас туралы сөз қозғады. "Біз Түркиямен жақсы қарым-қатынас болғанын қалаймыз, бірақ оның сарбаздары Ауғанстанда болғанын қаламаймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети