“Талибан“ Қырғызстандағы террористік ұйымдар тізімінен шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Талибан“ Қырғызстандағы террористік ұйымдар тізімінен шығарылды Фото:depositphotos.com / truba71.gmail.com

Қырғызстанның Бас прокуратурасы террористік және экстремистік ұйымдар тізімін жариялады және онда "Талибан" қозғалысы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Бас прокуратурасы террористік және экстремистік ұйымдар тізімін жариялады және онда "Талибан" қозғалысы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан соттары қызметін заңсыз деп таныған 20 ұйымның тізімі Бас прокуратура сайтында жарияланды. Оған "Әл-Каида", ДАИШ, Мун шіркеуі және басқалары кіреді, бірақ "Талибан" жоқ. Алайда Қырғызстан билігі "Талибанның" тізімнен шығарылуына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл ретте Ауғанстан СІМ хабарлама жариялады, онда Қырғызстанның "бұрын Ауғанстан Ислам Әмірлігімен байланысты болған Талибан атауын тыйым салынған топтар тізімінен шығару" шешімін жоғары бағалап, құптаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети