09 қыркүйек 2021 09:21

"Талибан" ұлықтау рәсіміне Қазақстанды шақырған жоқ - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары молда Абдул Ғани Барадар. © Reuters Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары молда Абдул Ғани Барадар. © Reuters

"Талибан" қозғалысының мүшелері (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстанның жаңа өтпелі үкіметін ұлықтау рәсімін 11 қыркүйекте өткізеді. Бұл туралы РИА Новостиге қозғалыстағы дереккөз мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Талибан" қозғалысының мүшелері (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстанның жаңа өтпелі үкіметін ұлықтау рәсімін 11 қыркүйекте өткізеді. Бұл туралы РИА Новостиге қозғалыстағы дереккөз мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөз мәліметі бойынша, "Талибан" жаңа министрлер кабинетінің ашылу салтанатына алты елдің өкілдерін шақырған.

"Рәсімге әзірге Ресей, Қытай, Катар, Түркия, Пәкістан мен Иран шақырылды", - дейді ақпарат көзі.

Сондай-ақ, Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары молда Абдул Ғани Барадар сәрсенбіде басқа да бірқатар штаттардан делегация шақыру үшін Катарға барғаны айтылады.

Бұл күні Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы белгілі болған еді. Оны "Талибан" қозғалысының алғашқы билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және БҰҰ санкцияларында болған Мохаммад Хасан Ахунд басқарады.

Сонымен қатар, қазіргі Ауғанстанды зерттеу орталығының сарапшысы Никита Мендковичтің айтуынша, жаңа үкімет инаугурациясын 11 қыркүйекке тағайындау кезінде тәліптер АҚШ-қа миссиясы сәтсіз болғанын еске салғысы келді.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та "Әл-Каида" террористік ұйымының мүшелері жасаған бірнеше теракт болды. Вашингтон бұған жауап ретінде Ауғанстанға әскер жіберді.

"Әрине, байланыс бар, өйткені соңғы 20 жылдағы "Талибан" қозғалысының идеологиясы әлемдік көшбасшылықты талап ете отырып, Ауғанстанды басып алған АҚШ-пен текетірестің айналасында құрылды. Сондықтан, қазір "Талибан" үшін бұл маңызды бетбұрыс. Олар Америка Құрама Штаттарымен және НАТО-мен болған соғыста жеңіске қолжеткізе алды, сондықтан олар бұл күнді қолдана отырып, соны еске салуға тырысады", - деді сарапшы РИА Новостиге.

Оның айтуынша, 11 қыркүйек - "Талибан" үкіметінің бастауы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети