Тәліптер ауғандарды Кабул әуежайына кіргізбей отыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:© REUTERS Фото:© REUTERS

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, тыйым салынған) Кабул әуежайына Ауғанстан азаматтарын кіргізбей отыр, оған тек шетелдіктер ғана кіре алады. Бұл туралы РИА Новостиге мәдениет мәселелері жөніндегі "Талибан" комиссиясындағы дереккөз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, тыйым салынған) Кабул әуежайына Ауғанстан азаматтарын кіргізбей отыр, оған тек шетелдіктер ғана кіре алады. Бұл туралы РИА Новостиге мәдениет мәселелері жөніндегі "Талибан" комиссиясындағы дереккөз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөз мәліметінше, жергілікті тұрғындар әуежай маңында тәртіп бұзған және барлық есік жабық. Әуежайға кіру, шетелдік азаматтығы бар ауғандарға қатысты қосымша ескерту шыққанға дейін жабылады.

Куәгерлердің бірі басылымға содырлар елшілік көліктерін кіреберісте тоқтататынын және ауған азаматтарын алып, әуежайға кіруге рұқсат бермейтінін айтты.

Бұған дейін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет оның кеңсесінде "Талибан" содырларының өрескел заңбұзушылықтары туралы сенімді ақпарат бар екенін айтқан болатын. Ол бейбіт тұрғындарды тиісті сот шешімінісіз өлтіру, наразылықтарды басу және балаларды әскерге алу туралы айтты.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы қазіргі "Талибан" 20 жыл бұрынғыдан өзгеше екенін айтқан: Ауғанстанда билікке қол жеткізгеннен кейін содырлар адам құқықтарын, оның ішінде әйелдерді қорғауға, ешкімнен кек алмауға және жалпы есепке алуға уәде берген еді.

Кейінірек бұқаралық ақпарат құралдарында бұл ақпаратқа кері бірнеше жаңалықтар шықты. Мысалы, CNN телеарнасы "Талибан" өкілдері Ауғанстанның солтүстігіндегі Фаряб провинциясында бір әйелді 15 содырды тамақтандырудан бас тартқаны үшін өлтірді деп хабарлады.

Тәліптер жұмыс істейтін әйелдерге елде толық қауіпсіздік қамтамасыз етілгенше үйде отыруға, жұмысқа бармауға бұйрық берді. "Талибан" террористік тобының өкілі Забихулла Мужахид Кабулдағы баспасөз мәслихатында әйелдердің жұмысқа шығуына шектеу ұзаққа созылмайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro