16 қыркүйек 2021 09:15

Тәліптер Ауғанстан әуе күштерінің бұрынғы офицерін өлтірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

"Талибан" қозғалысының мүшелері (Қазақстанда тыйым салынған) ауған қауіпсіздік күштеріне рақымшылық жасауға уәде бергеніне қарамастан, Ауғанстан әуе күштерінің бұрынғы офицерін өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


"Талибан" қозғалысының мүшелері (Қазақстанда тыйым салынған) ауған қауіпсіздік күштеріне рақымшылық жасауға уәде бергеніне қарамастан, Ауғанстан әуе күштерінің бұрынғы офицерін өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, тәліптер Герат провинциясында Ауғанстан әуе күштерінің бұрынғы офицері Залмай Ачакзайды үйінен шығарып, кейін өлтіріп кеткен.

Сондай -ақ, "РИА Новости" агенттігінің ақпаратына сүйенсек, елдің шығысындағы Нангархар провинциясында тәліптердің атысынан бір бала мен әйел қайтыс болған.

Тәліптер бұл ақпаратты әлі растамады, бірақ тұрғындар бірнеше содырды ұстап алып, жергілікті билікке тапсырды. Провинция губернаторы Нангархар атыстан қайтыс болған бала мен әйелдің өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы бұрынғы билікке адал жұмыс істегендердің барлығына, соның ішінде әскери қызметкерлерге рақымшылық жасауға уәде берген болатын. Бірақ Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, әскери күштер тәліптер уәде еткен рақымшылыққа қарамастан, олардың қауіпсіздігі мен туыстарының қауіпсіздігі үшін қорқады, сондықтан олардың көпшілігі елден кетті. Забиулла Мужахид  шетелдік әскерлермен жұмыс істеген ауған азаматтарыа қауіп төніп тұрмағанына сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети