15 тамыз 2021 | 10:21

Тәліптер Ауғанстан аумағының 90 пайызын бақылауына алды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" қозғалысының содырлары Гераттағы көшені күзету кезі. © REUTERS "Талибан" қозғалысының содырлары Гераттағы көшені күзету кезі. © REUTERS

"Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі ең үлкен қаланы - Балх провинциясының орталығы Мазари-Шарифті басып алып, ел аумағының 90 пайызын бақылауға алды. Бұл туралы РИА Новости порталы Ассошиэйтед Пресс агенттігі мен ирандық IRIB телеарнасының деректеріне сілтеме жасап хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

"Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі ең үлкен қаланы - Балх провинциясының орталығы Мазари-Шарифті басып алып, ел аумағының 90 пайызын бақылауға алды. Бұл туралы РИА Новости порталы Ассошиэйтед Пресс агенттігі мен ирандық IRIB телеарнасының деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Осылайша, Ауғанстандағы ірі қалалардың ішінен Кабул мен Желалабад, Пәкістанмен шекарадағы Нангархар провинциясының орталығы ғана үкіметтің қолында қалды.

Дереккөздің мәліметінше, Балх провинциясында тәліптерге алдымен ауған армиясының дислокацияланған бөліктері, содан кейін басқа да үкіметтік күштер берілген. Мазари-Шарифте губернатордың кеңсесі және басқа да нысандар басып алынды.

Мазари-Шарифтен бұрын содырлар тағы екі провинцияның әкімшілік орталықтарын - Лагман (Ауғанстанның шығыс бөлігінде) және Дайкундиді (Ауғанстанның орталық бөлігінде) ұрыссыз алды. Мұны жергілікті билік растады.

Агенттікке Дайкунди провинциясының бас қаласының құлағаны туралы осы аймақтың депутаты Сайед Мохаммад Дауд Насири хабарлады. Оның айтуынша, провинцияның астанасы Нили қаласында атылған екі оқтың дыбысы естілді, содан кейін "провинцияның барлық нысаны" содырларға тапсырылды.

13 тамызда таңертең тәліптер елдің 2/3 бөлігін басқарды, мұны Euronews мәлімдеді. Қазіргі уақытта Иранның IRIB телеарнасының ақпараты бойынша, "Талибан" Ауғанстанның 90 пайызын бақылап отыр.

Соңғы жаңалықтарға байланысты Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабул мен көрші провинциялардың қауіпсіздігі бойынша отырыс өткізді.

Кездесуде Ауғанстан армиясы штабының бастығы Кабул мен көрші провинциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын ұсынды, жоспарды жүзеге асыру үшін қажетті бұйрықтар берілді. Отырысқа ауған қауіпсіздік күштерін қолдаумен айналысатын бөлімшелердің бірінің қолбасшысы АҚШ-тың тыл адмиралы Питер Вейсли қатысты. Жергілікті Tolo News телеарнасы кездесуге АҚШ-тың Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Росс Уилсон қатысқанын хабарлады.

АҚШ президенті Джо Байден "Талибан" қозғалысы Ауғанстандағы америкалық қызметкерлерге қауіп төндірсе, тойтарыс беретінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети