Өткен тәулікте "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және басқа да бірқатар елде тыйым салынған радикалды ұйым) Ауғанстанның тоғыз ауданын бақылауға алды. Бұл туралы Ауғанстанның TOLOnews телеарнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Соңғы 24 сағат ішінде тәліптер Бадахшандағы Кофаб, Арго, Кохистан, Зибак, Яван және Бахарак, Кандагардағы Панджвай, Пакиядағы Зерок (Пәкістан шекарасындағы қала. - ескерт.) және Тахардағы Уорсажды (елдің солтүстік-шығысындағы қала, Тәжікстанмен шектеседі. - ескерт.) басып алды", - деп хабарлады телеарна 4 шілдеде ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Sources say 9 districts fell to the Taliban in the last 24 hours.
— TOLOnews (@TOLOnews) July 4, 2021
The districts include Kofab, Argo, Kohistan, Zibak, Yawan and Baharak in Badakhshan, Panjwai in Kandahar, Zerok in Paktika and Worsaj in Takhar. pic.twitter.com/UEUCDNOo2z
Сонымен қатар, Тәжікстанның шекара әскерлерінің баспасөз орталығы РИА Новостиге Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Хохон уезін тәліптер басып алғаннан кейін 100-ге жуық ауған әскері Тәжікстан аумағына өткенін хабарлады.
"Жексенбіде сағат 18.00-де "Талибан" қозғалысының қарулы тобы ауған Бадахшан провинциясындағы Хохон уезін ұрыссыз басып алды, Ауғанстан Қарулы күштерінің 94 әскери қызметкері шегініп, жеке құрамды сақтау мақсатында Тәжікстанның "Шохон" учаскесінде мемлекеттік шекараны кесіп өтті", - деді ақпарат көзі.
Оның айтуынша, тәжік шекарашылары шегініп жатқан ауған әскеріне аумақтан өтуге рұқсат берген.
© Twitter/TOLOnews
Сенбіде тәжік шекара қызметі "Талибан" Хохон шекара комендатурасын басып алғаннан кейін 300-ден аса ауған шекарашылары Тәжікстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өткенін хабарлады.
Ауғанстанда үкіметтік күштердің "Талибан" содырларымен қарама-қайшылығы жүріп жатыр, олар ауылдық жерлердегі маңызды аумақтарды басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасады.
Кабулдағы Ресей елшісі Дмитрий Жирновтың айтуынша, АҚШ пен НАТО әскери күштерін Ауғанстаннан шығару кезінде республиканың әскери-саяси картасы айтарлықтай өзгерген. Тәліптер елдің 80 пайызын бақылауға алғандарын айтады. БАҚ мәліметі бойынша, қазіргі уақытта "Талибан" Ауғанстанның 370 ауданының 110-ын бақылауға алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!