06 қыркүйек 2021 14:12

Тәліптер бірнеше ұшақты елден шығармай отыр - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Тәліптер әуежайда бірнеше ұшақты ұстап, рейстердің ұшуына жол бермей отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Тәліптер әуежайда бірнеше ұшақты ұстап, рейстердің ұшуына жол бермей отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Өкілдер палатасындағы Сыртқы істер комитетінің басты республикалық өкілі Майкл МакКол Fox News Sunday бағдарламасында сөйлеген сөзінде, АҚШ әскери күштері кеткеннен бері Ауғанстаннан шығуға тырысқан кейбір америкалықтар әуежайда ұшақтарда, бірақ "Талибан" өкілдері (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) лайнерлердің ұшу-қону жолағынан кетуіне жол бермей отыр деді.

МакКол Мазари-Шариф әуежайында АҚШ азаматтары мен олардың ауған аудармашылары бар 6 ұшақ бар екенін айтты. Ол "Талибан" бірқатар талаптарды алға тартып, "оларды кепілде ұстап отыр" деп болжайды. Бірақ бірнеше дереккөздер және Reuters агенттігіне атын жасыруды сұраған азамат бұның жалған екенін айтқан.

Эвакуациялық ұшуларды ұйымдастырушылардың бірі АҚШ Мемлекеттік департаменті тәліптерге елдің солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласындағы халықаралық әуежайдан ұшуға келісімі бар екені туралы хабар бермегенін айтты.

Мазари-Шариф әуежайы терминалының маңында алты коммерциялық ұшақ байқалды/ ©REUTERS

Агенттікпен жасырын түрде сөйлескен америкалық шенеунік, америкалықтарға қауіп төніп тұр деген пікірді жоққа шығарып, АҚШ үкіметі "әуежайдан кетуге тырысып жатқан америкалықтар Мазари-Шарифте екенін растамады" деп мәлімдеді.

Чартерлік рейстер туралы сұраққа Мемлекеттік департамент өкілі Америка Құрама Штаттарында қызметкерлер жоқ, сондықтан чартерлік рейстердің негізгі бөлшектерін растау үшін сенімді құралдар тапшы деп жауап берді, бірақ АҚШ тәліптерден адамдардың Ауғанстаннан еркін кетуіне мүмкіндік беру керегі туралы уәдесін орындауға мәжбүр етеді деп қосты.

Өз кезегінде ауған шенеунігі алты емес, төрт ұшақ туралы айтты. Ал олардың жолаушылары әуежайдан шығып, "Талибан" елден кетуге рұқсат бергенше қонақүйлерге тоқтағанын айтылды. Олардың көпшілігінде қажетті жол жүру құжаттары болмағандықтан қиындықтар туындағыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.55   490.7   4.98 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети