08 қаңтар 2023 10:12

Тәліптер ханзада Гарридің мәлімдемесіне пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" қозғалысының өкілдері өмірбаяндық кітабында Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүрген кезінде 25 ауған азаматын өлтіргенін мойындаған Ұлыбритания ханзадасы Гарридің мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Талибан" қозғалысының өкілдері өмірбаяндық кітабында Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүрген кезінде 25 ауған азаматын өлтіргенін мойындаған Ұлыбритания ханзадасы Гарридің мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ханзада жақында жарияланған естеліктерінде шайқас кезінде қарсыластарды адам ретінде қабылдамай, оларды "тақтадан алып тастаған шахмат фигуралары" деп санағанын айтады.

"Гарри мырза! Сіз өлтіргендер шахмат фигуралары емес. Олар адамдар еді, олардың қайтып оралуын күтіп тұрған отбасылары бар еді", - деді Ауғанстан ішкі істер министрінің кеңесшісінің міндетін атқарушы Анас Хаккани.

Хаккани ауғандықтарды өлтіргендердің арасында ар-ұждандарынан аттап, әскери қылмыстарын мойындайтындар көп емес екенін айтады.

Талибанның тағы бір өкілі, ұйымның саяси кеңсесінің басшысы Сухайл Шахин ханзада Гарри "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деп мәлімдеді.

""Талибан" өз елі үшін азаттық үшін күресті. Ал сіз (НАТО, оның ішінде Ұлыбритания) басқыншылары қатарында болдыңыз. Сіз өлтіргендер халық қаһармандары, ал сіз олардың жауысыз", - деді Шахин.

Ол Гарри адамзатқа қарсы қылмысы үшін сотта жауап беру керек екенін айтып, корольдік отбасын "қарғыс атқанын" айтты.

Айта кетейік, ханзада Гарри Ауғанстанда екі мәрте әскери қызметте болып, Талибанға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети