Тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алды © Reuters

"Талибан" радикал қозғалысының содырлары (Қазақстанда террористік деп танылған және тыйым салынған) Кабулға "бейбіт түрде" кірді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабар таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" радикал қозғалысының содырлары (Қазақстанда террористік деп танылған және тыйым салынған) Кабулға "бейбіт түрде" кірді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабар таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олар қала бойынша баяу қозғалып жатыр", - деді телеаканал тілшісі.

Өз кезегінде "Талибан" өкілі Забиулла Мужжахид Tolo News телеарнасы эфирінде "Талибан" Ауғанстан астанасына кіру туралы өтініш алғанын, олар қаланың қауіпсіздігін бақылауда ұстайды деп мәлімдеді.

Al-Arabiya ауған БАҚ-тарына сілтеме жасап, тәліптер Кабулда президент сарайына басып кіргенін хабарлады.

Reuters агенттігінің хабарына қарағанда, "Талибан" өкілдері Ауғанстанда өтпелі үкімет болмайды деп мәлімдеді. Елдегі билік тікелей беріледі деп күтіледі екен.


Тәліптер Кабулдағы президент сарайында отыр. © Al-Arabiya

Бұған дейін РИА Новости ақпарат көзі Ауғанстан президенті Ашраф Ғани отставкаға кетуге келіскенін, Кабулдан Тәжікстанға ұшып, ол жерден үшінші елге баратынын хабарлады.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" террористік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Содырлар Үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети