Ауғанстанда мұғалімдер "Талибан" террористік тобының содырлары (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) қыздарға білім алуға тыйым салуы мүмкін деген қорқынышпен мектеп оқушыларымен қоштасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible-ге сілтеме жасап.
Ауғанстанда мұғалімдер "Талибан" террористік тобының содырлары (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) қыздарға білім алуға тыйым салуы мүмкін деген қорқынышпен мектеп оқушыларымен қоштасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible-ге сілтеме жасап.
"Ауғанстанның консерватив достары" ұйымының директоры Шабнам Насими Twitter-де "Талибан" елді бақылауды қолына алғаннан кейін мұғалімдер оқушылармен қоштасып жатқаны түсірілген суреттерді жариялады.
"Ауғанстандағы мектептер қауіпсіздік үшін жабылды. Оқушылар сонда да ерте келді. Мұғалімдер бұдан былай мектепке келмейтін оқушы қыздармен қоштасты", - деп жазды Насими.
A photo of a school in #Afghanistan closed due to security issues. The students showed up bright and early anyway.
— Shabnam Nasimi (@NasimiShabnam) August 16, 2021
Teachers said goodbye to their female students who won’t be allowed to go to school anymore. A numbing helpless feeling. pic.twitter.com/D6HiurPFKS
Ауғанстанда он жылдан аса уақыт бойы тәліптерді халықаралық әскери күштер құлатқаннан кейін, әйелдердің мектепке баруға мүмкіндігі болды. Террористік ұйым билікте болған кезде әйелдерге білім алуға тыйым салынып, олар іс жүзінде "қоғамдық өмірден шеттетілген".
Әйелдерге үйлерінен ер адамсыз шығуға рұқсат етілмейтін. Олар үй қамақта өмір сүрді. Енді "Талибан" елді бақылауды қайтарғаннан кейін, барлық заң қайтадан күшіне енеді деген қорқыныш бар.
LEARN компаниясының негізін қалаушы және атқарушы директоры, Ауғанстандағы білім беру қайырымдылық ұйымы Паштана Дуррани елде болып жатқан оқиғалар "жойқын" екенін айтты.
Taliban official Abdul Hamid Hamasi visited a hospital in Kabul and assured the female doctors to continue their work and said that they will not be harmed. This video from the meeting was circulated by TB accounts. #Afghanistan pic.twitter.com/KxLa8bmQrS
— FJ (@Natsecjeff) August 16, 2021
"Отбасындағы қыздар, әйелдер айналада болып жатқанның барлығына жыладық. Ер адамдар көшелерді басып алып, жеңістеріп тойлады. Ал әйелдер бар болмысын жоғалтып алғандай күй кешіп отыр. Мен жаңа ғана бір әйелден видео көрдім, ол барлығына өз жұмысына, қызметіне оралуды айтып жатты. Бірақ оған қандай кепілдік бар? Мектепке баратын қыздардың қауіпсіздігіне, тәліптер оларды ұстап алып жазаламайтынына кім жауап береді?" , - деді Дуррани.
Мамырда Талибан өкілі Забихулла Муджахед "әйелдерге бейбіт және қауіпсіз ортада елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін" заңдарды енгізетінін айтты. Алайда Дуррани "Талибан" бір жұмыс орнындағы әйелдерге кетуге бұйырғанын және олардың орнына ер адамлы ауыстыруды сұрағанын айтады.
Еске салайық, "Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!