Тәліптер телеарнада жұмыс істейтін әйелдерден бетін жауып жүруді талап етті

Тәліптер телеарнада жұмыс істейтін әйелдерден бетін жауып жүруді талап етті ©REUTERS

"Талибан" билігі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстандағы телеарналардан тележүргізуші әйелдер жергілікті телеарналарда эфир кезінде бетін жауып жүруін сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" билігі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстандағы телеарналардан тележүргізуші әйелдер жергілікті телеарналарда эфир кезінде бетін жауып жүруін сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы "Талибанның" Адамгершілік және ізгілік министрлігінің баспасөз хатшысы Акиф Махаджар хабарлады.  

"Кеше БАҚ өкілдерімен кездестік... Олар біздің кеңесімізді қуана қабыл алды", - деді Махаджар. 

Ведомство атынан айтылған мәлімдемеде бұйрық "түпкілікті және келісілмейтіні" жазылған.

Жаңа талап 21 мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда бұл талапты орындамаған жағдайда салдары қандай болатыны белгісіз. 

Артынша, Желіде ауған тележүргізуші әйелдердің суреті тарай бастады.  

Мысалы, жергілікті "Шамшад" телеарнасы маска тағып, эфир жүргізген тележүргізушінің суретін жариялады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети