08 қазан 2020 09:02

Танымал КВН-ші Түркия курорттарына бойкот жариялауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Іnstagram Фото © Іnstagram

"Сборная РУДН" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Ашот Кещян Түркия курорттарына барудан бас тартуға шақырды. Әртіс осылайша Таулы Қарабақ қақтығысында Арменияны қолдауға болады деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Подъем" басылымына сілтеме жасап.


"Сборная РУДН" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Ашот Кещян Түркия курорттарына барудан бас тартуға шақырды. Әртіс осылайша Таулы Қарабақ қақтығысында Арменияны қолдауға болады деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Подъем" басылымына сілтеме жасап.

"Мен армянмын, сондықтан осы мәселеге көңіл бөлген кез келген адам моральдық тұрғыдан, психологиялық және материалдық тұрғыдан көмек көрсеткенін қалаймын. Мұның бәрі бүгін Қарабақ үшін пайдалы болады", - деді Кещян.

Таулы Қарабақта не болып жатыр?

Бұған дейін "Парни из Баку" КВН командасының ойыншысы Бахрам Багирзаде Әзербайжан армиясының Таулы Қарабақты босату қимылын қолдаған, деп жазады Trend

"Біз қадам жасадық және міндетті түрде жерімізді босатып аламыз. Енді біз қадам басатын уақыт келді - өз балаңыздың, ұлыңыздың, күйеуіңіздің өмірін сақтап қалу үшін үйіңізге оралыңыз. Кеш болмай тұрғанда, еліңіз кедейлік пен тығырыққа тіреліп, өлмей тұрғанда, қаруыңызды жинаңыз және бейбіт еңбекпен шұғылданыңыз", - деді ол Армения тұрғындарына.


Бахрам Багирзаде. © 1news.az

"Жаңалық қате, қақтығыс емес". Танымал тұлғалар Таулы Қарабақтағы жағдай туралы не дейді?

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілген болатын. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети