"Тарихи сәт". Трамп пен Ким алғаш рет қол алысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тарихи сәт". Трамп пен Ким алғаш рет қол алысты © Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бүгін, сейсенбі күні таңертең Сингапурде кездесті. Трамп пен Ким Чен Ын алғаш рет қол алысты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бүгін, сейсенбі күні таңертең Сингапурде кездесті. Трамп пен Ким Чен Ын алғаш рет қол алысты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бұл тарихтағы екі ел арасындағы алғашқы саммит. Саммит Сентос курорттық аралындағы орналасқан "Капелла" қонақүйінде өтіп жатыр.

Ким Чен Ын қара түсті киіммен көліктен шықты. Ал Трамп оның артынша келген. Қызыл галстук, көк түсті костюм киген.

Екі елдің көшбасшылары қонақүйге кіргенде бір-біріне күліп, камера алдында қол алысып, әңгімелесуге кетті.


© Reuters/Twitter

"Бұл мен үшін құрмет. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы болады, менің бұған еш күмәнім жоқ", - деді Трамп. Сондай-ақ, ол келіссөздердің сәтті өтетініне сенім білдірді.

"Біз мұнда барлық қиындықты жеңіп келіп отырмыз. (...), - деді өз кезегінде Солтүстік Корея басшысы.

Басылымның мәліметінше, екі ел басшылары денуклеаризация мәселесін, сондай-ақ, Америка - Солтүстік Корея қарым-қатынасын тұрақтандыру мәселелерін талқылауға ниетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети